KZ
Өскемен
-34°
переменная облачность жел 1 м/с, СШ
510.95 594.49 6.5

Аулаларға қойылған кедергілер алынады – әкім тапсырмасы

Фото: shedevrum.ai

5.08.2025, 09:30 223 Әбішев Ержан

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында кедергілер орнатуға қатаң тыйым салды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінде өткен кеңесте әкім тұрғын үйлерді басқару компанияларының өкілдерімен кездесіп, ауладағы заңсыз шектеулерге қатысты өз көзқарасын білдірді.

— «Аулада біреу: ‘Бұл менің тұрақ орным, ешкім көлік қоймасын’ деп бағана, шынжыр тартып тастауға құқығы жоқ. Бұған жол бермеймін! Бұл – ортақ аумақ, ешкімнің жеке меншігі емес», – деді Алмат Ақышов.

Әкімнің айтуынша, кейбір тұрғындар өз беттерінше аулаға кедергі орнатып, басқаларға ыңғайсыздық туғызуда. Бұл – заңға да, көршілік әдепке де қайшы. Сол себепті қала басшысы осындай әрекеттердің алдын алу үшін тиісті мамандарға тапсырма берді.

Елизавета Седых

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу