KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 7 м/с, ОШ
513.55 602.09 6.42

Өскеменде «Достық» базары маңындағы автотұрақтар мен жолдар жөнделеді

5.09.2025, 12:00 129 Ержан Әбіш

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов қаладағы инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары аясында Өтепов көшесінде болды. Қала басшысы «Достық» базарының жанындағы автотұрақтар мен жолдарды жөндеу мәселесін қарастырды, деп хабарлайды Altainews.kz.

– Базар маңындағы автотұрақ пен кіреберіс жолдардың жағдайына қатысты тұрғындардан көптеген өтініштер келіп түсті. Осыған байланысты жауапты бөлімге аталған аумақтағы асфальт жабынын қалпына келтіруді тапсырдым. Жұмыстардың орындалуы тікелей менің бақылауымда болады, – деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов.

Әкімнің айтуынша, тек негізгі автотұрақ қана емес, маңайдағы тұрақтар да ретке келтіріледі. Сонымен қатар осы көшеде балалар мектепке қатынайтын «соқпақ» бар. Енді ол жерге жаяу жүргіншілерге арналған тротуар салынады.

Елизавета Седых

Фото: instagram.com/akyshovalmat

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу