KZ
Өскемен
-19°
переменная облачность жел 2 м/с, С
494.63 583.22 6.42

ШҚО-да бір тәулікте қоғамдық көлікте 80 құқықбұзушылық анықталды

altainews.kz

17.09.2025, 13:00 184 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер РММ «Көлік бақылау инспекциясы» өкілдерімен бірлесіп, автобустар мен таксилердің техникалық жағдайын және жүргізушілердің жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын сақтауын тексерді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бір тәуліктің ішінде 300-ден астам автобус пен такси қаралып, 80 құқықбұзушылық анықталды. Үш заңсыз жолаушы тасымалдау дерегі тіркелді. Сондай-ақ елеулі техникалық ақауларына байланысты бес автобустың қозғалысына тыйым салынды.

Ақауы бар көлікті жолға шығарғаны үшін автобус парктерінің үш лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылды.

– Іс-шараның мақсаты – жазалау емес, жол-көлік апаттарының алдын алу. Біздің басты міндетіміз – әрбір тұрғын мен қонақтың қоғамдық көлікті пайдаланғанда өзін қауіпсіз сезінуін қамтамасыз ету. Профилактика – жол-көлік оқиғаларын азайтып, жүргізушілердің тәртібін арттырудың негізгі құралы, – деді ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Игорь Клишин.

ШҚО Полиция департаменті тасымалдаушылар мен жүргізушілерге заңнаманы және техникалық регламенттерді қатаң сақтауды еске салады: жолаушылардың қауіпсіздігі – әрқашан басты басымдық.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу