Автобустар жол ережесіне бағынбайды – Өскемен полициясы
Өскеменде қоғамдық көліктер жол ережесіне бағынбайды. Бір күнде 49 жүргізуші тәртіп бұзды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыс орталығында полицейлер «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары 200-ден астам қоғамдық көлікті тексеріп, нәтижесін айтты.
Бірінші күні тексеру барсында жеті автобустың техникалық жағдайы төмен деп танылып, пайдалануға тыйым салынды. Бұл үшін автопарктердегі бес лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.
– Үш автобус толық жабдықталмаған, бесеуі міндетті техникалық тексеруден өтпеген. 21 қоғамдық көліктің қозғалтқышында ақау бар. Сондай-ақ 49 жүргізуші жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.