ШҚО-да полицейлер автобустарды тексеріп жатыр
Облыс көлемінде 4 мамырдан бастап «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.
Жедел-профилактикалық іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық көліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және желіде өз қызметін қолданыстағы заңнама аясында тіркеусіз жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты бақылауды жетілдіру, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Айта кету керек, «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасында тек жүргізушілер ғана емес, көлікті пайдалануға жауапты кәсіпорындар мен қызметкерлер де тексеріледі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін облыс орталығында бірнеше рет автобустардың қатысуымен жол-көлік оқиғалары орын алған болатын.