KZ
Өскемен
-15°
туман жел 2 м/с, ОШ
503.35 590.63 6.62

Шығыс Қазақстанда 38 градус аяз болады

12.01.2026, 13:30 171 Базарова Айгүл

«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, алдағы күндері Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы күрт төмендеп, 38 градусқа дейін аяз түседі, деп хабарлайды Altainews.kz.

14 қаңтарда өңірдің басым бөлігінде түнгі және күндізгі температура 18–23 градус аязды құраса, облыстың шығыс аймақтарында сынап бағаны 27 градусқа дейін төмендейді. Ал 15 қаңтарда 35–38 градус аяз күтіледі.

Осыған байланысты тұрғындарға елді мекендерден тыс жерлерге шығуды барынша шектеу ұсынылады. Қажет болған жағдайда жолға шығар алдында автожолдардың жағдайын нақтылап, көлікті мұқият дайындау қажет.

Мамандар жеке тұрғын үйлерде пешті пайдаланғанда қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Пешті жағу жиілігі 1,5 сағаттан аспауы тиіс. Шамадан тыс қыздырмау, ұйқыға жатардан кемінде екі сағат бұрын от жағуды тоқтату қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу