KZ
Өскемен
-13°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Алдағы күндері -5 градусқа дейін күн суытады

13.05.2019, 09:35 127

«Қазгидромет» РМК алдағы тәуліктерге елімізде күн суытатындығын хабарлайды.

Солтүстік Оралдан жылжыған суық арктикалық ауа ағындарға байланысты еліміздің басым бөлігінде салқын ауа райы күтіледі. «Алдағы үш тәулікте солтүстік облыстарында, күндіз орталықта жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ болуы ықтимал және ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі.

Шамамен 30 градустық ыстықтан кейін, күндізгі ауа температурасы 17-22 градусқа дейін төмендейді. Ал еліміздің шығысында алдағы түнде жаңбырдың соңы қарға ұласып, 0-5 градус күн суытады. Қазақстанның қалған аймақтарында найзағаймен бірге өткінші жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді», - делген синоптиктердің болжамында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу