KZ
Өскемен
-20°
туман жел 1 м/с, С
508.91 594.36 6.33

Глубокое ауданындағы сайлау ашық өтіп жатыр

5.11.2023, 11:42 19 775 Назерке Каримова

Глубокое ауданының тұрғындары үшін 5 қараша ерекше есте қалмақ. Себебі бұл күні аудан тұрғындары алғаш рет өз әкімдерін сайлап жатыр.

- Біздегі 498 сайлау учаскесі сағат 7.00-ден істеп тұр. Тұрғындардың сайлауға қатысуы белсенді. Бүгін сайлау учаскесінің алдында тұрғындарға арналып мерекелік концерт және шағын жәрмеңке ұйымдастырылды. Алғаш рет дауыс берушілерге шағын сый-сыяпат әзірленді. Біздің учаскеде шамамен он шақты жас сайлаушылар тіркелген. Сайлау 20.00-ге дейін жалғасады. Учаскеде 5 бақылаушы және 1 өкілетті тұлға қатысуда, - деп атап өтті 498 сайлау учаскесінің төрағасы Эльвира Киябаева.

Айта кетейік, 498 сайлау учаскесінде 1496 сайлаушы тіркелген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу