Глубокое ауданы тұрғындары өз әкімдерін өздері сайлап алу мүмкіндігіне ие болғандарына риза
Глубокое ауданының тұрғындары үшін 5 қараша ерекше есте қалмақ. Себебі бұл күні аудан тұрғындары алғаш рет өз әкімдерін сайлап жатыр.
- Бүгін біз сайлаудан қалмай келдік, себебі бүгін біздің ауданымыздың алдағы 5 жылдағы тағдыры шешіледі. Мысалы, біз маслихат депутаттарын сайлағанда олар ел үшін немесе шығысқазақстандықтар үшін өзекті болатын ауқымды мәселелерді шешетінін түсінеміз. Олардың деңгейі бөлек. Ал аудан әкімін сайлағанда біз нақты біздің аудандағы, біздің ауылдағы, біздің көшедегі мәселелер шешілетінін білеміз. Сол үшін сайлаудан қалмай, өз таңдауымызды жасауға келдік, - деді 497 сайлау учаскесіне дауыс беруге келген 74 жастағы сайлаушы Шамшабану Қалымова.