Заң бұзушылықтар болған жоқ - сайлау учаскесінің төрағасы
Бүгін елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі маслихат дептаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр.
Облыс орталығының тұрғындары саяси науқанға бей-жай қарамай, белсенділік танытуда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Сайлауға отбасымен, кішкентай сәбиімен келіп дауыс беріп жатқан тұрғындар көп. Азаматтардың саяси науқанға аса жауапкершілікпен қарағаны қуантады. Учаскеде ешқандай заң бұзушылықтар орын алған жоқ, - деді №35 сайлау учаскесінің төрағасы Наталья Александровна.
Естеріңізге сала кетейік, әр сайлау учаскесінде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін дауыс беруге болады.
- Сағат 15.00-дегі жағдай бойынша маған белгіленген участокта ешқандай заң бұзушылықтар болған жоқ. Тәуелсіз бақылаушы ретінде барлығының заңды түрде өтуін қадағалап отырмын, - деді тәуелсіз бақылаушы Еділ Ахметуәлиұлы.
Оқи отырыңыз