ШҚО-да құтқарушылардың оқу-жаттығуы басталды
Шығыс Қазақстанда облысында құтқарушылардың командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Көктем-2024» деп аталатын республикалық іс-шара 8-9 ақпан күндері болады.
Оқу-жаттығудың бірінші күні облыстық төтенше жағдайлар департаментіндегі дағдарыс орталығының базасында азаматтық қорғау қызметі мен мүдделі органдар көктемдегі су тасқынына қарсы іс-қимылдарды пысықтады.
Оқу-жаттығуға қатысушылардың алдында елді мекендерден қарды уақтылы шығару, су өткізу құрылыстарын, арықтарды, көлік және темір жол көпірлерін тазалау, қорғаныс бөгеттері мен үйінді құрылыстарды нығайту, елді мекендердің аумағына топырақ үйіп, қоршап, инертті материалдарды дайындау, су тасқыны болған жағдайда халықты хабардар ету және жедел ден қою жасақтарын жинау, зардап шеккен халықты орналастыру пункттерін дайындау секілді міндеттер тұр.
Суреттер: ШҚО ТЖД