ШҚО-да су тасқынына дайындық жұмыстары талқыланды
ШҚО ТЖД Дағдарыс орталығында ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Кеңес барысында су тасқынына дайындық және алдын алу іс-шараларын өткізу мәселесі қаралды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Облыс әкімінің өкіміне сәйкес өңірде 2023 жылғы 01 ақпаннан бастап су тасқыны кезеңіне жоғары дайындық режимі енгізілген болатын. Жергілікті атқарушы органдар 191 000 текше метрден астам қар шығарды. Су тасқыны қаупі төнген кезеңде облыста жедел ден қою үшін жеке құрамның 1719 адамы, 224 мотопомпасы, құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың 83 жүзу құралы, сондай-ақ 750-ден астам техника топтастырылған. Қажет болған жағдайда ҚР ТЖМ 68303 ә/б азаматтық қорғаныс полкі қосымша тартылуы мүмкін.
29 300 дана қап, 1891 тонна инертті материалдар және 237 тонна ЖЖМ дайындалды. Ықтимал ТЖ жағдайында эвакуацияланатын халықты орналастыру үшін қалалар мен аудандардың әкімдері жалпы сыйымдылығы 6500 адамнан асатын 68 уақытша орналастыру пункті де дайын.
ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов өз баяндамасында Шығыс Қазақстанда су тасқынына бейім 71 елді мекен бар екенін, 15 елді мекенде қауіп толығымен жойылып, 46-да азайтылғанын атап өтті.
Су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасы шеңберінде 2022 жылы 9 іс-шара іске асырылды, 2023 жылы тағы 5 іс-шараны іске асыру жоспарланған. Атап айтқанада, Жарлы өзенінің арнасын тазарту, Зайсан ауданында, Үлбі өзенінде Өскемен-Риддер қ. автожолының 103 км ауданында жағалауды нығайту жұмыстары, Глубокое ауданының Үлбі өзенінде және Катонқарай ауданының Сарымсақты өзенінде жағалауды нығайту бойынша ағымдағы жұмыстар.
Ірі су қоймаларының толымдылығына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Облыс бойынша 131 Гидротехникалық құрылыс бар. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қалалар мен аудандардың әкімдері комиссия құрамында гидротехникалық құрылыстарға тексеру жүргізеді. Бүгінгі таңда 106 ГТҚ тексерілді, осы бағыт бойынша жұмыс жалғасуда.
Қазіргі уақытта құтқарушылар су тасқыны қаупі бар кезеңде халыққа тәртіп ережелерін дайындау және дайындау бойынша нұсқама жүргізуде.
"Қазгидромет" ШҚ филиалы басшысы Ләззат Болатқанның айтуынша, бір айда орташа температура нормадан 1° (норма -11 - 18°) жоғары, жауын-шашын нормаға жақын (норма 8-21 мм) болады деп күтілуде. Қар жамылғысының биіктігі 14-тен 95 см-ге дейін. Тау аумағының қар қоры нормадан 1,4 есе асады. Жалпы гидрологиялық жағдай тұрақты. Су деңгейі шекті белгілерден төмен. Өзендердегі мұздың қалыңдығы 12-ден 75 см-ге дейін өзгереді.
Топырақтың қатуын және қар жамылғысының биіктігін ескере отырып, температураның күрт жоғарылауы және қатты жауын-шашын кезінде су тасқыны жағдайының нашарлауы мүмкін. Су тасқыны кезеңінде Алтай, Глубокое, Ұлан, Шемонаиха, Тарбағатай, Катонқарағай және Зайсан аудандары сияқты аудандар ерекше алаңдаушылық туғызады.
Отырыс соңында Алмасхан Сматлаев азаматтық қорғау қызметтері мен мүдделі органдарға облыстағы шараларды күшейту бойынша бірқатар тапсырмалар беріп, ШҚО ТЖД құтқарушыларын жарақтандырумен және су тасқыны кезеңінде әрекет етуге жеке құрамның дайындығымен танысты.