KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚО құтқарушылары су тасқыны кезеңіне алдын ала дайындалуды ұсынады

Фото: altaynews.kz

23.01.2024, 12:47 121

«Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметінше, қардың ең көп мөлшері Алтай ауданында - 96 см, Марқакөл ауданында (Теректі) - 81 см, Риддер қаласында - 56 см. Тарбағатай ауданында топырақтың қату тереңдігі - 87, Самар ауданында - 75 см, Зайсан ауданында - 66 см, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.           

 

 

«Шығыс Қазақстанда су тасқыны қаупі бар 71 елді мекен бар, 15 елді мекенде қауіп толығымен жойылып, 49-да азайтылды. Қалған 7 елді мекенде қауіп жойылған жоқ (Глубокое ауданы және Алтай ауданы). Су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасы шеңберінде 2023 жылы 5 іс-шараны іске асыру аяқталды. Ықтимал ТЖ жағдайында эвакуацияланатын халықты орналастыру үшін қалалар мен аудандардың әкімдері жалпы сыйымдылығы 8448 адамды қамтитын 91 уақытша орналастыру пунктін дайындады»,-деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
 


Жағдай күрделене түскен жағдайда жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтері құралымдарының күштері мен құралдары топтастырылды, олардың саны 2334 адам, 735 бірлік техника, 50 бірлік жүзу құралдары және 223 мотопомпалар.

 

Температураның күрт жоғарылауы және қатты жауын-шашын кезінде топырақтың қатуы мен қар жамылғысын ескере отырып, су тасқыны жағдайының нашарлауы мүмкін. Ағымдағы жылы топырақтың күзгі ылғалдылығының көрсеткіштері Алтай және Самар аудандарында орташа көпжылдық деңгейден жоғары. 

 

Құтқарушылар халыққа су тасқыны кезеңіне алдын ала дайындалуды ұсынды. Үй маңындағы аумақтан қарды уақтылы алып тастау, арықтарды қоқыс пен мұздан тазарту, су бұру арықтарын жасау. Су деңгейі көтерілген жағдайда 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.

 

                                                                    Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу