ШҚО-да 71 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін

ШҚО-да су тасқыны болуы ықтимал 71 елді мекен бар, 15 елді мекенде қауіп толығымен жойылған.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз брифингінде ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Ерлан Балтабаев пен ШҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Ринат Кондыбаев айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде ақпан айының басынан бастап су тасқынына жоғары дайындық режимі енгізілді.
Құтқарушылардың айтуынша, су тасқыны кезеңінде Алтай, Глубокое, Ұлан, Шемонаиха, Тарбағатай, Катонқарағай және Зайсан сияқты аудандар ерекше алаңдаушылық тудырып отыр.
Егер қажет болған жағдайда ҚР ТЖМ 68303 ә/б азаматтық қорғаныс полкі қосымша тартылуы мүмкін. Төтенше жағдайлар кезінде эвакуацияланатын халықты орналастыру үшін қалалар мен аудандардың әкімдері жалпы сыйымдылығы 6500 адамнан асатын 68 уақытша орналастыру пунктін дайындады.