KZ
Өскемен
+1°
туман жел 4 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Жоғары дайындық режимі: ШҚО-да су қоймаларына тексеру жүргізіледі

6.02.2024, 11:42 205 Оразай Жеңісұлы

1 ақпаннан бастап облыс әкімінің өкіміне сәйкес су тасқынына қарсы жоғары дайындық режимі жарияланған. ШҚО ТЖД Төтенше жағдайдың алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дина Бексұлтанова жағдай күрделенетін болса, жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтерінің 2334 өкілі іске кірісетінін айтты. 735 бірлік техника, 50 бірлік жүзу құралы мен 223 мотопомпа дайындалған көрінеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қандай бір жағдайда, халықты эвакуациялау үшін 26 жоғары өтімді техника сайланған. Қала-аудан әкімдіктері 17 мыңнан астам халық уақытша орналаса алатын 153 пункті дайындапты.

12 ақпанынан бастап арнайы жұмыс тобы гидротехникалық құрылыстарды тексеруге шығады.

– Бұқтырма, Күршім, Уба өзендерінде, сондай-ақ Шемонайха, Глубокое аудандарында мен Риддер қаласында профилактикалық жарылыс жасалатын учаскелер бар, – дейді спикер.

Сондай-ақ 8-9 ақпанда өңірде «Көктем-2024» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы өтетінін айта кеткен жөн. Құтқарушылар үйді-үйді аралап, тұрғындарға нұсқау береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу