KZ
Өскемен
+26°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

ШҚТУ «Astana Motors» компаниясымен меморандум жасасты

23.05.2024, 14:48 89 Айжанат Бақытқызы

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары университет ректоры Сәуле Рахметуллина мен «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС директоры Максим Тарасовтың ресми кездесуі барысында анықталды.

ЖОО баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, кездесу барысында жол картасы әзірленіп, көлік индустриясы үшін білікті кадрларды даярлау, инновациялық жобаларды іске асыру және ілгерілету жұмыстары талқыланды.

«Ынтымақтастық бағыттарының бірі – «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» қызметкерлерін Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың «Лу Бань шеберханасы» базасында біліктілікті арттыру курстық даярлығы шеңберінде оқыту, білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу және «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» жабдықтарына бағдарланған виртуалды оқыту қосымшаларын әзірлеу», - делінген хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив