ШҚО-да өңірлік IT-хаб ашылады
ШҚО әкімдігі Astana Hub және Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-мен бірлесіп өңірлік it-хаб ашу мәселесін пысықтауда.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін "Startup academy" технологиялық кәсіпкерлік курсын іске қосу туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Шығысқазақстандық жастар енді алысқа бармай-ақ IT-бизнес негіздерін үйренуге мүмкіндік алады.
"Astana Hub" басқарушы директоры Алина Абдрахманованың айтуынша, курстың басты мақсаты – балаларға идеядан стартапқа қалай жетуге болатынын көрсету.
Айта кетейік, Astana Hub – Орталық Азиядағы IT-стартаптардың ірі халықаралық технопаркі. Қазіргі уақытта технопаркте 1000 - нан астам қатысушы бар, олардың 217-сі шетелдік компаниялар. Astana Hub резиденттері барлығы 14 мыңнан астам жұмыс орнын ашты. Astana Hub-та білім беру бағдарламалары жұмыс істейді. 19 000-ға жуық адам оқыды, ал инкубация және акселерация бағдарламаларын 2 000-нан астам адам аяқтады. Мұнда қазақстандық және шетелдік технологиялық компаниялардың еркін дамуы үшін жағдай жасалуда. Astana Hub жаһандық миссиясы-инновациялық жобаларды дамыту орталығына айналу, серпінді IT-компанияларды шығару, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен жас және дарынды IT-мамандарды тарту ошағына айналуды көздейді.
Қуаныш Рахметоллаұлы