Air Astana билет бағасын негізсіз өсірген
Сурет: en.m.wikipedia.org
Air Astana билет бағасын негізісіз өсіргені үшін айыппұл төлейді.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі көлік прокуратурасы органдарымен бірлесіп Air Astana қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Тексеру нәтижесінде әуе компаниясының авиатасымал нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдаланғаны әшкереленді. Air Astana әрбір авиабилеттен жанармай алымын негізсіз алып отырған.
8 маусымда Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік ауданаралық соты әуе компаниясына 6,7 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз