KZ
Өскемен
туман жел 3 м/с, ОБ
495.2 522.34 4.94

IT саласында 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Фото: egemen.kz

22.07.2023, 16:28 274

Astana Hub технопаркі отандық IT саласында маман даярлауды жалғастырып келеді.

Бұл туралы Astana Hub басқарушы директоры Алина Әбдірахманова мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  – Astana Hub – Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық технопарктердің бірі. Оның қызметі IT бизнес үшін экожүйені қалыптастыруға, IT таланттарды қолдауға және стартап-жобаларды дамытуға бағытталған. Қазір Astana Hub-та 1 212 IT компания тіркелген. Оларға ақпараттық-оқу, материалдық инфрақұрылым, бизнесті дамыту бағдарламалары, арнайы салықтық және визалық тәртіп тұрғысынан қолдау көрсетіледі. Бүгінгі таңда 7 мыңнан аса адам біздің бағдарламаларымыздан өтті. Astana Hub қатысушылары IT саласында 20 мыңнан астам жұмыс орнын құрды, – деді Astana Hub басқарушы директоры Алина Әбдірахманова ОКҚ-де өткен брифингте.

Хаб басшысының айтуынша, жұмыстың негізгі бағыттарының бірі IT саласындағы қазақстандық таланттар пулын толықтыруға бағытталған.

  – Astana Hub білім бағдарламаларының қызметі – технологиялық кәсіпкерлікті танымал ету және технологиялық стартап құру үшін қажетті дағдыларды оқыту. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен іске асқан бағдарламалардың, курстар мен іс-шаралардың негізінде Astana Hub білім бағдарламалары кеңсесінде IT экожүйеге жаңа таланттарды тартуға, стартапшылар, фрилансерлер мен кәсіпкерлердің қоғамдастығын дамытуға қолайлы жағдай жасалған, – дейді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу