Туристік байқау жеңімпаздары теплоходпен саяхаттайды - ШҚО
Фото: 2gis
Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет балалар туризмін дамыту қолға алынады.
Жоба аясында 200 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ туристік байқау жеңімпаздарына Бұқтырма су қоймасында теплоходпен бір күндік қызықты турлар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Былтырдан бастап жазғы демалыс уақытында «Қонақжай отбасы» бірегей жобасы жүзеге асырылып келеді. Биыл жоба ауқымы кеңейіп, балаларды қабылдайтын елді мекендер саны үштен алтыға дейін көбейіп отыр, – білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышёва.
Оның айтуынша, жоба аясында 50 отбасыны тарту және 120 баланы қамту жоспарланып отыр.
Айта кетсек, «Қонақжай отбасы» жобасының мақсаты – өзге ұлттың балаларына қазақ тілін үйрету. Сонымен қатар биылдан бастап қазақ ауылдарындағы отбасылардың балаларын орыс аудандарына қабылдайтын.
Оқи отырыңыз