KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
484.11 528.79 5.03

"Қонақжай отбасы" жобасының ауқымы кеңейеді - ШҚО

24.05.2024, 12:11 173 Ләззат Қанатқызы

Өңір тұрғындарының қолдауына ие болған «Қонақжай отбасы» жобасы биыл  жалғасын табады. Аталмыш жоба енді барлық ауданда жүзеге асырылмақ.

«Қонақжай отбасы» – мемлекеттік тілді тілдік ортада оқытуға бағытталған еліміздегі бірегей жоба, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Биыл Өскемен, Риддер қалалары мен Глубокое, Шемонаиха және Алтай ауданынан келген 100 бала Катонқарағайдың ауылдарында тұрып, тілді меңгереді.

- Сондай-ақ Зайсан және Тарбағатай аудандарынан келген 20 бала Глубокое ауданы мен Риддер қаласындағы отбасыларға барып, орыс тілін жетілдіреді. Жоба ауқымын кеңейттік. Себебі республика бойынша аталған жобаны біз насихаттап жатырмыз, - деді аймақ басшысы Ермек Көшербаев облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында жасаған баяндамасында.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр «Қонақжай отбасы» жобасына  облыстың түкпір-түкпірінен 67 бала қатысып, жиырма күн бойы Катонқарағай аудандағы отбасыларда тұрып, тіл үйренген болатын. Сондай-ақ олар сол өлкенің табиғатымен, мәдениетімен етене танысуға мүмкіндік алған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив