KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Биыл «Қонақжай отбасы» жобасының жағрафиясы кеңейеді

Фото: i.mycdn.me

24.04.2024, 15:01 239 Ержан Әбіш

Биыл ШҚО-ның «Қонақжай отбасы» жобасы кеңейеді. Енді оқушылар қазақ тілін үйрену мақсатында Катонқарағай ауданынан бөлек, Глубокое ауданы мен Риддер қаласына да жіберіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте ШҚО білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева мәлімдеді.

– Былтыр жазда ШҚО-да «Қонақжай отбасы» жобасы алғашқы рет жүзеге асқан болатын. Биыл жобаның жағрафиясы кеңейіп отыр. Катонқарағай ауданынан бөлек, Глубокое ауданы мен Риддер қаласы қосылды. Осы жолы 120 бала мен 50 отбасы қатысады, – деді Иннеса Чернышева.

Жоба балаларды қазақ тілін әдеттен тыс, бірақ тиімді форматта оқытуды көздейді, яғни оқушылар қазақшаны тілдік ортада жүріп меңгереді. Сонымен қатар балалар өлке тарихымен, қазақтың салт-дәстүрімен танысып, киелі жерлерді, тарихи ескерткіштерді аралайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу