KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Катонқарағай ауданының дамуына 57 миллиард теңге бағытталады

6.09.2024, 17:47 371 Нұржан Кенжеұлы

Катонқарағай ауданының дамуына 57 миллиард теңге мөлшерінде қаражат жұмсалады. Бүгін ауданға жұмыс сапары аясында жергілікті халықпен кездескен облыс әкімі Ермек Көшербаев осылай деді.

-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан халқы қазір мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүруде. Соңғы 5 жылда ауқымды реформалар жасалды. Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді» деп атап өтті. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың бір мысалы ретінде Катонқарағай ауданын қайта қалпына келтіруді айтуға болады.Сондықтан, ауданның дамуы, өзін-өзі қамтамасыз ете алатын аймаққа айналуы өте маңызды, - деді облыс әкімі кездесу кезінде.

Еске салайық, өткен жылдың желтоқсан айында Президенттің Жарлығымен Катонқарағай ауданы бұрынғы шекарасында қалпына келтірілген болатын.

-Бұл бағытты ауқымды жұмыс атқарылды және жалғасуда. Мемлекеттік органдарды орналастыру үшін әлеуметтік нысандар мен әкімшілік ғимараттарды күрделі жөндеуге Үкіметтің резервінен екі миллиард теңге бөлінді. Аудан әкiмiне жауапты басқармалармен бiрлесiп әкiмшiлiктер мен әлеуметтiк нысандарды жөндеудiң сапалы және уақтылы аяқталуын, биылғы жылдың 20 қарашасына дейiн қамтамасыз етудi тапсырамын, - деді өңір басшысы.

Белгілі болғандай, алдағы 5 жылда Катонқарағай ауданына 45 миллиард теңгеден астам бюджет қаражаты және 12 миллиард теңге жеке инвестиция салынбақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу