KZ
Өскемен
-12°
плотный туман Штиль
498.55 524.28 4.75

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатын» нақты іске асыру қажет

1.09.2023, 11:26 213

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын нақты іске асыру тапсырылды. Оны іске асыруда Парламенттің рөлі айрықша маңызды.

Бұл туралы Президент халыққа Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

– Өздеріңізге мәлім, былтырдан бері елімізде ауқымды саяси жаңғыру жұмыстары жүргізілді. Небәрі бір жарым жылдың ішінде көптеген өзгеріс жасалды. Оған баршаңыз куә болдыңыздар, реформаны жүзеге асыру үшін белсенді түрде жұмыс істедіңіздер.
Қолға алған шаралар нәтижесінде билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнады. Басқару жүйесі ықпалды Парламенті бар Президенттік республика үлгісіне көшті. Елімізде «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы барынша орнықты. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын нақты іске асыруымыз қажет. Бұл жерде Парламенттің рөлі ерекше.
Адам құқығын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалды. Әділдікті және заң үстемдігін орнату үшін ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың қатысу мүмкіндігі артты. Қоғамның саяси мәдениеті мүлде жаңа сипатқа ие болды, – деді Президент.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу