Катонқарағайды дамытуға 30 млрд теңге бөлінеді
Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданын дамытуға 30 миллиард теңге бөлінеді.
Бұл туралы облыс әкімі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Катонқарағай ауданын дамытудың кешенді жоспары талқыланды. Алдағы бес жылда ауданның дамуына 30 миллиард теңге салу жоспарлануда. Бұл қаражат су құбыры желілері мен жолдарды, оның ішінде туристік нысандарды жөндеуге, қонақ үйлер салуға, мектептер мен ауруханаларды реконструкциялауға және салуға, аудан ауылдарын интернетпен қамтамасыз етуге жұмсалады», - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.
Оқи отырыңыз