KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
486.44 534.31 5.06

Катонқарағай паркінен үш тоннаға жуық қоқыс жиналды

Фото: Катонқарағай мемлекеттік Ұлттық паркі

12.09.2024, 10:00 70 Айжанат Бақытқызы

Катонқарағай Ұлттық паркінің аумағынан үш тоннаға жуық қоқыс жиналды. Парк  қызметкерлерінің айтуынша, осындай қоқыс үйінділері үнемі пайда болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Катонқарағай Ұлттық саябағына келетін туристердің ең сүйікті жерлері – Рахман қайнары, Қаракөл, Ирек, Сарымсақты және тағы да басқа көрікті орындар. Өкінішке орай, бұл орындарда қоқыс көлемі жыл сайын артып келеді. Өзен жағалары қоқыс алаңына айналды», - дейді ұлттық парктің өкілі.

Айтуынша, жыл басынан бері мемлекеттік инспекторлар 2,9 тоннаға жуық қоқыс жинаған.

«Арнайы контейнерлер болмаса да, қоқысты жерге қалдырмау керек. Оны өздерімен бірге жинап алып кетсе, келесі жолы келгенде демалысын таза жерде өткізеді», - деп ескертеді ұлттық парк өкілі демалушыларға.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив