Семейдегі қоқыс шығару мәселесі жуық арада шешімін табады
Семейдегі қоқыс шығару мәселесі жуық арада шешімін табады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала тұрғындарының жиі шағынатын мәселесі жуық арада оң шешімін таппақ. Өйткені қоқыс шығару қызметіне жаңа көліктер алу жоспарда бар. «Семей Тазалық» ЖШС мамандарының айтуынша, «Iveco» маркалы қоқыс шығару көлігінің он шақтысын алу көзделіп отыр екен.
– Осыған дейін, қаладағы қоқыс жәшіктерін жаңалаймыз деп айтқан болатынмын. Алайда, қалаға сапалы көліктер де алуымыз тиіс, - дейді шаһар басшысы Ермак Сәлімов.
Оқи отырыңыз