Ипотекалық «маманға» жүгініп, қаржысынан қағылған
Өскемен қаласы полиция басқармасына қала тұрғыны алаяқтық туралы арызбен жүгініп, ипотекалық несие рәсімдеуге уәде берген бейтаныс әйел 3 миллион теңгесін иемденіп кеткенін мәлімдеген, деп хабарлайды Altainews.kz.
Оқиға осыдан екі жыл бұрын басталған. 2023 жылдың желтоқсан айында жәбірленуші тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесу қызметтері туралы жарнаманы көреді. Алайда ипотекалық «маман» ақшаны алғаннан кейін байланысқа шықпай, хабарсыз кетеді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктіге қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Полиция азаматтарды қырағы болуға шақырады. Күмәнді хабарландыруларға сенбеуді және ресми шарт пен кепілдіксіз белгісіз адамдарға ақша бермеу туралы ескертеді.