KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 1,5 м/с, ОШ
480.5 534.22 5.18

ШҚО-да атына несие рәсімделген тұрғын полицияға жүгінді

Фото: egemen.kz

4.08.2023, 15:39 242

Шілде айының соңында Риддер қаласының полиция бөліміне қала тұрғыны жүгінген. Тұрғын белгісіз адам мобильді қосымшаның көмегімен оның атына 759 970 теңге сомасында тауарлық несие рәсімдеп, жоғалып кеткенін жеткізген.

ШҚО ПД дерегі бойынша, жедел іздестіру іс-шарасының барысында тәртіп сақшылары 2000 жылы туған күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ұсталған адамға қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның санкциясы 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Полиция департаменті барлық азаматтарды мұқият болуға, бірқатар қарапайым қауіпсіздік қағидаларын есте сақтауға шақырады. Ешбір жағдайда бейтаныс адамдарға жеке деректерді (аты-жөні, ЖСН, карта нөмірі, жеке куәлік нөмірі және т.б.) айтпау қажет.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив