KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Өскемен тұрғыны алаяққа 6 миллион теңгесін берген

5.04.2021, 12:34 177

2020 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың ақпаны аралығында бейтаныс әйел «ақшалай несие алуға көмектесемін» деген сылтаумен 6 100 000 теңгеден астам қаражатын алдап соғып, иемденіп алған. Кейін алаяқтың құрбаны болған 48 жастағы әйел Өскемен қ. ПБ Үлбі полиция бөлімінің «102» жедел арнасына арызданады.

- Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен Глубокое ауданының 42 жастағы тұрғынын анықтады,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу