Өскемен тұрғыны алаяққа 7 млн теңгесін берген
Өскемен қаласының тұрғыны мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беруге уәде еткен алаяққа алданып қалды.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 24 жастағы әйел адам Өскемен қалалық ПБ Ертіс полиция бөлімшесіне келіп, алаяққа алданып қалғанын жеткізді.
«Оның айтуынша, осы жылдың сәуір айында танысы мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесе алатынын айтқан. Бұған сенген жәбірленуші 7 млн теңгесін бере салған. Алайда сегіз айдың ішінде ол пәтерді де, ақшасын да ала алмады», - делінген ақпаратта.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері 22 жастағы күдіктіні ұстады. Ер адам өз кінәсін толықтай мойындаған.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.