KZ
Өскемен
-12°
туман жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Өскеменде ЖРВИ-ға қарсы вакцина жеткілікті

16.11.2022, 09:37 381 Ләззат Қанатқызы

Өскемендік тұрғындар бас ауруы, дене температурасының жоғарылауы, тамақ ауруы белгілерімен емханаларға жаппай жүгіне бастады.

Қазан айының басында аймақта тұмау мен суықтың эпидемиологиялық маусымы басталған. Ал, облыс орталығында тұмау 10-нан астам адамда анықталды, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Күн суытқанда көбінесе 14 жасқа дейінгі балалар жиі ауыратын көрінеді. Иммунитетті нығайту үшін емханаларда тұмауға қарсы вакциналардың жеткілікті саны бар.

- Эпидемиологиялық маусымда әлемде 3 миллионнан 5 миллионға дейін адам ауырады, халықтың өлім-жітімінің үлесі 500 мыңға дейін жетеді. Тұмау вирусы қауіпті, себебі ол тыныс алу жүйесіне ғана емес, басқа мүшелерге де әсер етеді. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты, бірақ сырқаттанушылық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда жоғары. Халықты вакцинациялау үшін облыс бюджетінен "Гриппол" препараты сатып алынды. Ол қаланың емханаларында жеткілікті мөлшерде бар, - деп түсіндірді ШҚО ССЭК санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы ҚР ДСМ ССЭК Арай Айдарқызы.

Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін вакцинаны 60 жастан асқан, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар, жүкті әйелдер, созылмалы аурулармен ауыратын және жиі ауыратын адамдар тегін ала алады.

Балама ретінде "Инфлювак" вакцинасы бар, бірақ оның құны 10 мың теңгеден асады.

Эпидемиологтар ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың шыңы ақпан айында болатынын атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу