KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 1 м/с, С
494.87 520.65 4.91

Қазақстанда А тұмауының вирусы тарап жатыр - министр

1.02.2022, 14:42 266

Қазақстанда тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекцияларды жұқтыру жыл сайын артып келеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz 

Министрдің айтуынша, сырқаттанушылықтың өсуі жыл сайын қаңтар және ақпан айларында төмендейді.

"Эпидемиялық маусым басталғанға дейін 2,7 миллионнан астам адам тұмауға қарсы вакцина алды, бұл республика халқының 14 пайызын құрайды. Қазіргі уақытта республика бойынша А тұмауы вирусы таралып жатыр. Тұмаудың 500-ден астам жағдайы анықталды. 

Қаңтардың екінші онкүндігінен бастап тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекциялармен сырқаттанушылықтың күрт өсуі байқалады, 2019 жылдың эпидемиологиялық маусымымен салыстырғанда аурушаңдық 1,2 есеге өсті. Соңғы аптада ауру жұқтырудың жоғары деңгейі сақталды, ал балалар арасында ауру жұқтыру 13 пайызға өсті", - деді Ғиният үкімет отырысында.


Министрдің айтуынша, офлайн оқыту жағдайында балалар арасында коронавируспен де, ЖРВИ-мен де сырқаттанушылықтың жоғарылау қаупі бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу