KZ
Өскемен
-6°
туман жел 1 м/с, С
498.55 524.28 4.75

Жедел жәрдем диспетчері баланы ажалдан құтқарып қалды - Өскемен

31.10.2022, 18:07 956 Мадина Амангелдіқызы

Өскемен қаласында  анасы баласын жедел жәрдем диспетчерінің кеңесінің арқасында «жедел жәрдем» дәрігерлері келгенше бір ажалдан құтқарып қалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.  

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының ақпараты бойынша, 29 қазанда "103" пультіне Өскемен қаласының тұрғыны екі жасар баланың тыныс алу жолдарында бөгде заттың тұрып қалғанын айтып, жедел жәрдемді шақырады.  Шақыртуды қабылдаған "103" диспетчері Орынбай Әлинұр дереу жедел жәрдем бригадасына хабар береді. Алайда өзі телефон тұтқасын тастамай, баланың анасымен телефон арқылы сөйлесуді жалғастырады. Қобалжыған анасына дәрігерлер кеткенін ескерткеннен кейін, диспетчер "қоңырауды ұстап тұру" функциясын қолданып, "жедел жәрдем"келгенге дейін ата-анасына алғашқы медициналық көмек көрсету туралы кеңес бере бастайды. Диспетчердің кәсіби және сауатты басшылығының арқасында анасы баланың тамағына тұрып қалған құртты өз бетінше шығарып алды. 

«Жедел жәрдем станциясының диспетчерлік қызметінде «қоңырауды ұстап тұру» жүйесі енгізілген. Он екі түрлі жағдайда (сс-түссіз жатса, тыныс алмаса, кеудедегі ауырсыну, құрысулар, қан кетулер, асфиксия және т.б. жағдайларда) қоңырау қабылдаушы диспетчер уақыт өткізбей алғашқы көмек көрсетуге кеңес беруі тиіс, олар бұған үйретілген. Науқастың туысы немесе жанында тұрған адам бригада мекен-жайға кіріп, көмекті жалғастырғанға дейін диспетчердің нұсқауларын мүмкіндігінше бұлжытпай орындауға тиіс. Бұл тәсіл әсіресе балалармен оқыс жағдай болып қалғанда  жақсы нәтиже береді.  Жоғарыдағы жағдай осыған мысал. «Қоңырауды ұстап тұру» жүйесінің арқасында, баланың анасы  диспетчердің нұсқауымен Геймлих әдісін дұрыс қолдана білді, нәтижесінде баланы құтқып қалды», - деп атап өтті облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында.

Айта кетейік, "жедел жәрдем" бригадасы келгенге дейін диспетчердің көмегі ретінде "қоңырауды ұстап тұру" функциясы енгізілгеніне үшінші жыл болды. Бүгінде бұл тәжірибе өзінің оң нәтижелерін көрсетіп отыр.



Айна ЕСКЕНҚЫЗЫ

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу