ХҚКО қызметкерлері алаяқтардан сақ болуға шақырады - ШҚО
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ШҚО бойынша соңғы айда белгісіз біреулер азаматтарға қоңырау шалып, өздерін халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерімін деп таныстырып, қарызды өтеуді немесе қарызға байланысты шоттарды бұғаттау, сондай-ақ тексеру үшін жеке деректерді сұрау арқылы алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткенін ескертеді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мекемесі қызметкерлердің ешқашан тұрғындарға қоңырау шалмайтынын, борышкерлердің мәліметтер базасына қол жеткізе алмайтынын, коллекторлық компаниялардың жұмысына араласпайтынын еске салады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қырағылық танытуға және өзінің жеке деректерін үшінші тұлғаларға бермеуге қатаң кеңес береді. Мұндай алаяқтық әрекеттерден зардап шеккендер құқық қорғау органдарына жүгіне алады.