ШҚО-да көлдердің бірінен балықшының мәйіті табылды
Шығыс Қазақстан облысында Сасықкөл көлінде 23 жастағы жігіт суға кетіп қаза тапты.
Қайғылы оқиға Үржар ауданында тіркелді. Марқұм үйінен қайықпен балық аулаймын деп шығып қайтып оралмаған. Оны іздеу жұмыстарына полиция мен құтқарушылар жұмылдырылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бірнеше күн іздеу шараларынан кейін жағадан бір шақырымдай жерде қайықтың бөлшектері табыған. Ал келесі күні балықшының мәйіті шығарылды.