KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да жоғалып кеткен жігіттің жартылай өртенген мәйіті табылды

9.06.2019, 09:59 250

ШҚО-ның Шемонаиха ауданында 28 жастағы жігіттің жоғалып кеткені туралы жазған едік. Кейін оны іздеу жұмыстары тоқтатылғаны туралы ақпарат таралды. Жігіттің жартылай өртеніп кеткен мәйіті тас жолдың бойынан табылған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

28 жастағы Шемонаиха тұрғыны Игілік Уәлиханов 22 мамыр күні үйінен көлікпен шығып, хабарсыз кеткен. Үй-іші екі тәуліктен кейін оған іздеу салып, полицияға барады.

Іздеу жұмыстарының барысында жігіттің автокөлігі аудан орталығындағы аулалардың бірінен табылған. Кейін жігіттің мәйітін полиция қызметкерлері ауданның Ресеймен шекараласқан тұсында тас жолдың бойынан 2-3 шақырым жерде тапқан. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі мәлімдейді.

Анықталғандай, жігітті  өлтіріп, денесін өртеп жіберген.

Бұл қылмысқа 26 жастағы ер адам күдікті ретінде қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу