KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Шығысқазақстандық семсерші әлем чемпионатының алтынын қанжығалады

5.12.2022, 16:45 460 Мадина Амангелдіқызы

Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында  2-4 желтоқсан аралығында жасөспірімдер арасында семсерлесуден әлем чемпионаты өтті.

Чемпионат семсерлесудің екі түрі бойынша өткізілді: ерлер шпагасынан және әйелдер арасында рапирадан, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Жарыстың алғашқы күнінде-ақ шығысқазақстандық Богдан Лукин әлем кубогының жекелей біріншілігінің алтын медалін жеңіп алып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ал жартылай финалда мысырлық Шамель Юсефті 15:7 есебімен ұтқан Богдан финалда жарыс қожайыны өзбекстандық Тимуров Мейірханмен кездесіп, 15:12 есебімен жеңіске жетті.

Келесі күні командалық есепте ҚР құрамасы үшінші орынға ие болды. Жартылай финалда біздің жігіттер жарыс жеңімпаздары – Мысыр құрамасынан ұтылды. 3-ші орын үшін Қырғызстан құрамасымен кездесіп, 45:32 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетсек, Богдан Лукин 2014 жылдан бері семсерлесу спортымен айналысып келеді. Алғашқы жаттықтырушысы - Щелоков Геннадий Афанасьевич. Богдан - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем, Азия, ел біріншілігінің, сонымен қатар, 2022 жылы Парижде өткен гимназиаданың жеңімпазы және жүлдегері.

Автор: Қуаныш РАХМЕТОЛЛАҰЛЫ 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу