KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 2 м/с, ОШ
467.29 501.03 5.35

13 денешынықтыру-сауықтыру кешені мен 2 спорт модулі салынады - Даниал Ахметов

26.02.2021, 11:19 173

Облысымызда 13 денешынықтыру-сауықтыру кешені мен 2 спорт модулі салынады. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өткен жылы облыс спортшыларының жеткен жетістіктері аз емес. 2020 жылы өткен халықаралық және республикалық жарыстарда 2 мыңнан астам медальға (771 алтын, 650 күміс, 599 қола) ие болған.

-           Өткен жылы облыс көлемінде 6 спорт объектісі пайдалануға берілді. Атап айтқанда Аягөз ауданының Ақтоғай кентінде, Жарма ауданының Шар қаласында, Көкпекті ауданының Көкпекті ауылында және Үржар ауданының Мақаншы ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешендері; Күршім ауданының Күршім ауылында және Үржар ауданының Үржар ауылында бассейндер, - деді ШҚО әкімі.

2021 жылы балалар мен жасөспірімдер спортын ілгерілету үшін бірқатар жұмыстар жоспарлану үстінде.

-           Алдағы жылы 13 денешынықтыру-сауықтыру кешені мен 2 спорт модулі салынады, - деп қосып өтті облыс басшысы.

Сондай-ақ мектептерде спорттың басым түрлері бойынша секциялар саны артып, денешынықтыру мұғалімдері қосымша ақы алмақ.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив