Қазақстанда күн күрт суытады
Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа температурасы күрт төмендейді.
Кей аймақтарда қар жауып, бұрқасын және көктайғақ болуы да мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
"Суық антициклон және арктикалық ауа массалары кезінде республиканың барлық аумағында ауа температурасы күрт төмендеп, жауын-шашын көп түседі. Еліміздің солтүстігінде негізінен қар жауып, жаяу бұрқасын болады, оңтүстік өңірде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін", делінген синоптиктердің хабарламасында.
Елімізде желдің күшеюі де болжанып отыр, солтүстік аймақтарда тұман, көктайғақ болады. 14 сәуірде республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы 10 градусқа күрт төмендесе, оңтүстік облыстарда 15 сәуірде салқындайды, бірақ оған дейін күн солтүстікте 20 градусқа дейін, ал оңтүстігінде 33 градусқа дейін ысиды.
Оқи отырыңыз