Қазақстанда +35° градусқа дейін ыстық болады
Алдағы үш күнде елімізде +35° градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазгидромет 19-21 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жасады.
Синоптиктердің мәліметі бойынша, оңтүстік, орталық және шығыс аймақтарда ауа температурасы күрт жоғарылап, жаз мезгіліндегідей жылы болмақ. Сынап бағаны орталық және шығыс аймақтарда - 23...30°, ал оңтүстікте – 30-35° градусты көрсетеді.
Батыс және солтүстік аймақтарда, керісінше, ауа температурасы төмендейді деп болжануда. Күн күркіреп, жаңбыр мен бұршақ жаууы, дауыл соғуы мүмкін екен.
Оқи отырыңыз