KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность Штиль
478.89 528.74 5.29

ШҚО-да найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін

Фото: furman.top

5.08.2024, 18:08 90 Ләззат Қанатқызы

«Қазгидромет» РМК алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, ертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Өңірде өрт қаупі әлі де бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Таңертен және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрге жететін жел соғады, - делінген ақпаратта.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындар мен туристерге сақтық шараларын сақтау керектігін еске салады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив