KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

ШҚО-да найзағай ойнап, қатты жел соғады

Фото: egemen.kz

4.07.2023, 17:10 1 169 Ләззат Қанатқызы

«Қазгидромет» ШҚ филиалы 5 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Ертең ШҚО-да найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, орталығында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні секундына 23 метрге жетеді.

ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарына қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін ескертеді.

Қандай да бір төтенше жағдайға тап болсаңыз, 101, 112-ге қоңырау шалыңыз.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив