Жүргізу құқығынан айырылған риддерлік мас күйінде қалада көлікпен жүр
26 маусым күні кешкі уақытта Риддер қ.ПБ-на патрульдік полиция взводы патруль кезінде алкогольге тойып алған 54 жастағы жергілікті тұрғынның "Ниссан" автомобилін басқарғанын көрген.
Медициналық куәландыру актісіне сәйкес ер адам «жеңіл дәрежедегі» алкогольді мас күйде болған.
- Тексеріс барасында ер адамның көлік құралын басқару құқығынан 2022 жылға дейінгі мерзімге айырылғаны анықталды,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігіне сәйкес (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық мас күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.