KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 5 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Көлік жүргізу құқығынан айырылған семейлік жүргізуші тағы да мас күйінде ұсталды

13.12.2021, 12:22 329

Желтоқсан айының басында Семей қаласында патрульдеу кезінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері "Audi" автокөлігін басқарған 32 жастағы ер адамды тоқтатты.

Тексеріс барысында көлік жүргізушінің 2020 жылдың қарашасынан бастап 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Сонымен қатар, жүргізуші «орташа» масаң күйде көлік басқарғаны белгілі болды.

- Автокөлік арнайы тұраққа, ал ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды, оның санкциясында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу