KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

Тарбағатайдағы халық көп шағымданатын ауыларалық жолдар биыл жөнделе ме?

3.10.2022, 14:19 202

2023 жылы Тарбағатай ауданындағы Қабанбай – Шорға, Жетіарал – Асусай, Ақжар ауылының кейбір көшелері мен Бозша ауылына баратын жол жөнделмек, деп хабарлайды Алтайньюс сайтының тілшісі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде Тарбағатай ауданының әкімі Жөргекбаев Дархан айтты.

Аудан әкімінің айтуынша, тұрғындар көп шағымданатын Қабанбай – Шорға жолына қазіргі күні орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 100 млн. теңге қаржы бөлініп, мердігер анықталған. Келесі жылы қалған 287 млн.теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары аяқталмақ.

-   Жалпы, ауыл тұрғындарының хал-ахуалын арттыру үшін ең алдымен жол инфрақұрылымын жақсарту керектігі анық. Сондықтан біз биылғы жылы ауылдық округ орталықтарына баратын негізгі жолдарды 100% асфальт жолмен қамтамасыз еттік. Енді спутник ауылдарға баратын және ауыл іші жолдарын жөндеуге кірістік. 2023 жылы Қабанбай – Шорға, Жетіарал – Асусай, Ақжар ауылының Торайғыров, Қабдешов көшелерін, Бозша ауылына баратын жолды және көпірді жөндеу жоспарланған, - деді Дархан Шомпайұлы.

Сондай-ақ Құйған ауылына кіреберіс 13 шақырымның 6,5 шақырымын жөндеу үшін 2021 жылы қаражат бөлініп, жұмыстар жартылай аяқталған болатын. Биыл қыркүйек айының басында жетіспей тұрған 152,0 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толыққанды басталған.

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу