KZ
Өскемен
-12°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
524.02 545.19 5.09

Алтай ауданына дәрігер мен мұғалім жетіспейді

Фото: aqmeshit-zhastary.kz

7.09.2023, 12:02 1 098 Ләззат Қанатқызы

Бүгінде еліміздің көптеген өңірлерінде мұғалім мен дәрігер мамандарының жетіспеушілігі байқалады. ШҚО-да да білім және медицина саласындағы кадр тапшылығы өзекті мәселеге айналып отыр.

Алтай ауданындағы Жаңа Бұқтырма кенті қазір еліміздегі танымал демалыс орындарының біріне айналған. Туристер жиі келгендіктен ақ халатты мамандарға да сұраныс жоғары. Бірақ Алтай, Серебрянск қалаларының ауруханаларында дәрігер жетіспейді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Өткен жылы біз Семей қаласына медициналық университетке барып, түлектермен кездесу өткізіп, әңгіме жүргізгенбіз. Бірақ әзірше одан еш нәтиже шыққан жоқ. Сондай-ақ ауданның жоғары оқу орындарымен меморандум жасалды, биыл ауданға 18 педагог келді, оның 8-і "Дипломмен – ауылға" бағдарламасы аясында жұмысқа орналасты, – деп түсіндірді Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу