KZ
Өскемен
-13°
плотный туман Штиль
498.51 522.84 4.81

ШҚО-да 139 дәрігер коронавирус жұқтырып алды

20.07.2020, 11:54 240

ШҚО-да 139 дәрігер коронавирус жұқтырып алды. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Бүгінгі таңда 139 дәрігер COVID-19 инфекциясына шалдыққан. Бұл кадрлардың тапшылығы мен қалған медицина қызметкерлеріне жүктеменің көбейе түсуіне себеп болып отыр, - деді басқарма басшысы бүгін өткен онлайн-брифинг барысында.

Басқарма кадр тапшылығы мәселесін Семейдегі Университеттік госпитальдің есебінен, медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері мен студенттерін, сондай-ақ, емханалық қызметтердің мамандарын тарту арқылы шешуде.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу