ШҚО –ның туристік ауданындағы ауруханаларда кадр тапшы
Бұқтырма жағалауы - аймақтағы жағажай демалысының негізгі бағыттарының бірі. Былтыр мұнда 300 мыңнан астам турист демалды.
Өткен жылы Бұқтырмада туризмді дамыту туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты биыл Жаңа Бұқтырма кентінде ауқымды өзгерістер болады, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Ауданда туристердің саны артуы мүмкін. Сондықтан Жаңа Бұқтырма кентіндегі аурухананы жөндеу туралы шешім қабылданды. Қысқы уақытта медициналық мекеме іс жүзінде бос тұрады, үш қабаттың біреуі ғана қолданылады. Десе де денсаулық сақтау саласындағы негізгі проблеманың бірі – бұл кадрлардың жетіспеушілігі.
Айта кетсек, биыл Жаңа Бұқтырма кентін дамыту аясында аурухананы жөндеуге 300 миллион теңге бөлініп отыр.