ШҚО-да 130-ға жуық дәрігер жетіспейді
Қазір облыс бойынша 2100-ден астам дәрігер және 6400 орта білімі бар медицина қызметкері жұмыс істеп жатыр. Десе де, өңірде 128 медицина қызметкері жетіспейді.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қапанова Айнаш айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сонымен қатар, облыста жас мамандарға да қолдап көрсетіліп, тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынған.
- Жас мамандарға көтерме қаражат, қызметтік тұрғын үй және тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдікпен кредит беріледі. Ағымдағы жылы Өскемен қаласында "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша 20 жеке тұрғын үй бөлу жоспарлануда, - деп атап өтті Айнаш Құматайқызы.
Өткен жылы облысқа 72 маман келген. Оның ішінде, 8-іне баспана мен көтерме қаражат берілген.
Оқи отырыңыз